5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА БӨЛІМДЕРІ ЖАЛПЫ 7775 АДАМҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Мүгедектік – бұл көп факторлы медициналық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және құқықтық өзекті мәселе. Мүгедектік, ұлт денсаулығы мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге мемлекет пен үкіметтің әлеуметтік саясатының көрсеткіші болып табылады.
Жыл басынан бері азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша – 34 772 мемлекеттік қызметтер көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес 948 іс қалпына келтіру үшін кері қайтарылған, бұл өтініштердің жалпы санының 2,7% құрады. 26 іс-құжат бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш берушілер тарапынан ұсынған құжаттардың дұрыстығын растау үшін уәкілетті ұйымдарға сұраныс хаттар жолданған.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер — 34 772 оның ішінде;
ХҚКО арқылы — 15257 іс құжат 43,8%,
Электронды үкімет портал арқылы -671 іс 1,9%,
Проактивті қызметтер арқылы 14423 іс 41,5%,
Банктік қосымшалар арқылы 4395 іс 12,6%.
МӘС және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы 26 қызмет түрі көрсетілген 0,07%.
Бөлімдердің мамандары есеп беру кезеңінде 138 азаматтың арыз-шағымдары мен ТМД елдерінен келіп түскен 798 сұраныс хаттарды қарап, заңмен белгіленген мерзім аралығында жауаптар берілген.
Оның ішіндe:
— Ересек мүгедектігі бар азаматтар саны – 33355 немесе 80,8%,
1) 1 топ – 4459 адам,
2) 2 топ – 15399 адам,
3) 3 топ – 13497 адамнан тұрады.
— Мүгедектігі бар балалар саны – 7906 немесе 19,1%,
1) 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала санаты бойынша – 2729 бала,
2) 1 топтағы мүгедектігі бар – 743 бала,
3) 2 топтағы мүгедектігі бар – 1914 бала,
4) 3 топтағы мүгедектігі бар – 2520 бала
мүгедектердің орталықтандырылған базасында есепте тұрады.
2024 жылғы 6 айға МӘС бөлімдері жалпы 7775 адамға мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде, алғашқы рет куәландырылғаны 1642 адам, қайта куәландырылғаны 5493 адам, негізсіз жолданғандары – 95(325).
Алғаш куәландырылған қызмет алушылар арасынан 1555 (1412) адамға мүгедектік тағайындалған яғни, өткен жылмен салыстырғанда 143 адамға көбейген.
Алғаш мүгедек деп танылғандар ішінен:
— ересектері 1036 адам (945), пайыздық үлесі 66,6%,
— 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар 519 бала (467), пайыздық үлесі 33,3% құрайды.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

Мұнай-газ, автомобиль саласы. Премьер-министр әріптестеріне бірқатар тапсырма берді

smarttop

БАСТЫ МӘСЕЛЕ БАСПАНА

smarttop

ХАБАРЛАНДЫРУ

smarttop

Пікір қалдыру