13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЛА БОЙЫНША ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Қалада халықты электр қуатымен қамту жұмыстарында қиындықтар бар екені белгілі. Өйткені, Шымкенттегі трансформаторлардың басым бөлігі 1970 жылдары іске қосылған. Біз үшін азаматтарды сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі бірінші орында.
Қаламыз өсіп, жаңа шағынаудандар мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Сәйкесінше электр желілеріне де жүктеме артып келеді. Бұған ескі трансформаторлардың қуаты жеткіліксіз, әсіресе жауын-шашын кезінде тұрғындарды әбігерге салады.
Бұл мәселелерді ескеріп, бүгін Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі электр компаниясы “Alageum Electric” директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясовпен кездестім. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Басты мақсат – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тұрақты әрі тиімді энергетикалық жүйе құру.

Электрмен қамтамасыз ету — тұтынушыларды электр энергиясымен қаматамасыз ету.Электр энергиясын тұтынушы дегеніміз—белгілі бір аймақта орналасқан және технологиялық процесспен біріктірілген, электрқабылдағыш немесе электрқабылдағыштар тобы.Электр энергиясын қабылдағыш — электр энергиясын, энергияның басқа түріне түрлендіретуге арналған аппарат.Техникалық шарттарды және энергожүйенің электр желісіне қосылу, орнатылған және тұтынушының бір уақыттағы қуаты және электрмен қамтамасыз етудің сенімділік мәндерін анықтайды.Электрмен қамтамасыз ету автономды көздердің орнату жобалары бойынша орындалады.Электрмен қамтамасыз етудің сапасы ең алдымен электр энергиясының сапасына қатысты (ЭС). Ол қоректенетін кернеу формасының бұрмалануы және бұзылуымен сипатталады.

Кәсіпорын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қала әкімдігіне қарасты 300-ден астам ескі трансформаторларды ауыстырып, күрделі жөндеу жүргізу жұмысын өз міндетіне алды. Бұдан бөлек, қаланы электр қуатымен қамтамасыз етуде негізгі артериялардың бірі саналатын «Бозарық» қосалқы стансасындағы трансформаторлар да жөндеуден өтеді.
Айта кетейік, ескі трансформаторларды ауыстыру қала тұрғындарына электр энергиясын жеткізу бойынша сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, әрі авариялық апат қаупін азайтады.
Кездесу соңында мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында бизнестің маңызды рөл атқаратынын айтып, компания басшылығына маңызды жобаларды жүзеге асырудағы белсенді ұстанымы үшін алғысымды білдірдім.

Ұқсас ақпараттар

ШЫНАР- ҮЗДІК ЖАС МАМАНЫ

smarttop

«ШЫМКЕНТ СИТИДЕ» СУ АЙДЫНЫ БАР ЖАҢА САЯБАҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ҮШ АЙДА 197 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру