14.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: «DIGITAL KAZAKHSTAN : ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін «Tulip Hall» мәдени орталығында «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында педагогтердің қалалық дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Білім күні қарсаңындағы маңызды жиынға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков баршаны алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, саланың үздіктерін марапаттады.
“Бүгінде цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану – негізгі талаптардың бірі. Бұл әрбір білім алушының, педагогтың және білім беру ұйымының оқу процесін жетілдіру үшін сөзсіз қажет. Бүгінгі таңда елімізде цифрландыру жүйесі қарқынды дамып келеді. Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, яғни, балабақшаға кезекке қою, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау, педагогтардың аттестациясы, сонымен қатар, цифрлық білім беру платформалары, ақпараттық электрондық журнал және «Қауіпсіз мектеп» автоматтандырылған жүйесі жүзеге асырылып жатыр” – деді қала әкімі.
Саладағы басты жаңалық – Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының әзірленуі. Оның басты мақсаты – білім сапасын арттыру. Аталған ұлттық баяндаманы Шымкент қаласында жүзеге асырудың Жол картасы дайындалды. Негізгі көрсеткіштері мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына енгізілді. Жаңа оқу жылынан бастап «Нысаналы мектептер» жобасы бастау алады. Білім сапасында олқылығы бар 40 нысаналы мектепке әдістемелік сүйемелдеу жасалып, педаготерінің кәсіби дамуына жағдай жасалады.
Конференция барысында білім берудегі цифрлық инновациялар, жасанды интеллект технологиялары, білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Инновациялық жобалар мен цифрлық платформалардың арнайы көрмесі ұйымдастырылды.
Айта кетейік, 21 тамызда Астана қаласында өтетін Саммитке ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өңірлер бойынша бөлінісіне сәйкес Шымкенттен 38 делегация мүшесі қатысатын болады.

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ САМАЛ-3 ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ 15 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІКСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру