16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ҚАЛА АУМАҒЫНДА 109 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ҚОСЫЛАТЫН БОЛАДЫ

109 бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылдан бері қала өмірінің барлық салалары бойынша тұрғындардың өтініштерін қабылдау бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, ситуациялық орталықтың бағдарламалық қамтылуы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда:
• Басшылар рейтингі модулі;
• Топ 10 аудан бөлінісіндегі өтініштер модулі;
• Топ 10 көрсетілетін қызметтердің модулі;
• Топ 5 қызметтер санаты;
• Топ 5 ұйымдардың мерзімі өткен;
• Қызметтер бөлінісіндегі өтініштер статистикасын бақылау;
• Өтініштердің түсу статистикасы;
• Орындаушылар бойынша өтініштердің мәртебесі.
Сонымен қатар қазіргі таңда, Басқарма мен компания арасында ынтымақтастық туралы меморандум түзіліп, жүйеде аналитикалық талдау жұмыстары жүргізілуде.
Ұсынылатын көрсеткіштер төмендегідей:
1 Қоқыс жәшігінің толып кетуін қадағалау;
2. Қоқыс өртінің аналитикасы;
3. Көлік құралдарын талдау;
4. QR код арқылы 109 Бірыңғай байланыс орталығының ватсап мессенджеріне тікелей сілтеме.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу тапсырылған болатын.
Осыған орай, қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында «Shymkent IT Hub» технологиялық паркін ашу жұмыстары жүргізіліп, ғимараты бекітіліп және технопаркке материалды техникалық базаны (техникалық құрал-жабдықтар, жиһаз, кеңсе тауарлары) жеке инвесторлар есебінен қаржыландырылуда.
Сондай-ақ, «Shymkent IT HUB» — білім беру бағдарламалары кеңесінің қызметі. HUB Технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құру үшін арналған.
Алдағы уақытта «Astana IT HUB» технопаркі және Әкімдік арасында 2 жартыжылдық қорытындысымен Меморандум жасалынып, ресми ашылу жоспарлануда.

Ұқсас ақпараттар

Шымкентте жанар-жағармай бекетінің кассасынан 12 млн теңге жымқырған ер адам сотталды

smarttop

ТҮРКІСТАН: КОЛЛЕДЖДЕР 15300 ГРАНТҚА ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАП ЖАТЫР

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

smarttop

Пікір қалдыру