14.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА IT ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында «Shymkent Hub» өңірлік технопаркінің ашылу салтанаты өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қатысты. Жаңа орталықтың басты мақсаты — технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, стартап-мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ IT-саласын және цифрлық білім беруді қолдау.
Ашылу барысында IT-стартаптар, IT-компаниялар, робототехника мектептері және Tech Orda бағдарламасына қатысатын жеке IT-мектептер, сондай-ақ Шымкент қаласының инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.
«Shymkent Hub» өз кезегінде «Astana Hub» білім беру және инкубациялық бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған платформа ретінде қызмет атқарады. Бұл орталықта белсенді IT-қоғамдастықтың дамуына ықпал ететін түрлі іс-шаралар өткізіледі. Осыдан-ақ, бұл салаға деген сұраныстың артқанын анық байқауға болады. Осы тұста, елімізде IT саласы қалай дамып жатыр, мамандар дайындау үшін қандай шаралар қолға алынды, қанша қаражат бөлініп отыр, сонымен қоса мықты IT маман болу үшін мамандар қандай дағдыларды дамытуы керек, азаматтардың цифрлық сауаттылық көрсеткішін көтеру үшін не істеу керек деген секілді сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Стартап-жобаларды әзірлеу кезінде қатысушылар кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, инвестиция тарту, қаржылық есеп жүргізу және басқа да маңызды дағдыларды үйренеді. Жалпы мұндай қолға алынып жатқан шаралардың барлығы еліміздегі жеке бағдарламалау мектептер санының артуына, оның ішінде шетелдік IT-мектептердің филиалдарын ашуға мүмкіндік беріп отырғанын атап өту керек. Осылайша, IT-мамандарды сапалы даярлау және бейінді жоғары оқу орындарының тәжірибесін қолдану, сондай-ақ өңірлік оқу орындарының деңгейін арттыру мақсатында өңірлік жоғары оқу орындарымен бейінді жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығын арттыру мақсаты қойылып отыр.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында өңірлік деңгейде инновациялық экожүйені кеңейтудің маңыздылығын атап өткен болатын.

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРІНІҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ

smarttop

ЖАСТАРДАН-ЖАСТАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕН ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

smarttop

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ – ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ ӨЗЕГІ

smarttop

Пікір қалдыру