Қалада медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, қызмет сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушандық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әулеметтік және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз. Академик В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ:» денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас етекщеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».
Денсаулық – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы. Денсаулық сақтау ұйымдарына бекітілген талапқа сай әр емханаға 30 мың тұрғыннан бөлінуі тиіс. Қаладағы 45 емхананың әрқайсысының орташа есеппен қамту көрсеткіші 26 мың тұрғынды құрайды. Алдағы уақытта жұмыс сапасын арттыру үшін бұл көрсеткішті 24 мың тұрғынға азайту көзделген. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін қалада 6 емхананың қажеттілігі туындайды. Нысандар құрылысына инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен 2025 жылға дейін 200 төсек-орынды перзентхана салынады. Бұл №1 перинаталдық орталықтың жүктемесін азайтып, сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Орталықтың іргетасы Ақжайық шағынауданында қаланады.