3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАУАПТЫЛАРҒА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЕЗ АРАДА ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

Шымкент қаласының әкімі жыл басынан бері бірқатар нысандарды аралап, тұрғындармен арнайы кездесіп жүр. Кезекті тұрғындармен кездесу — «Бозарық» шағынауданында жалғасын тапты. Онда елдімекеннің орналасу жоспарына өзгерістер енгізу, шалғай көшелерге табиғи газ бен кәріз жүйесін жүргізу мәселелері талқыланды.

Әкім Абай ауданындағы «Қамқорлық» №8 балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығына да барды. Орталықтың жағдайын тексеріп, қызмет алатын балалардың ата-аналары үшін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Нұршуақ» шағынауданындағы «жайлы» мектептің құрылысымен танысқан әкім мердігер ұйымға жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтауды міндеттеді.

Сондай-ақ, «Алтынтөбе» тұрғын алабындағы көкөніс пен жемістерді өңдеп, консерві шығаратын кәсіпорынға барып, тауарларды сатуға қолдау көрсету қажеттігін айтты.

Ал «Қызылжар» шағынауданының тұрғындары әкімге табиғи газ, ауыз су және электр қуатымен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Инфрақұрылымдық жұмыстарды жеделдету тапсырылды.

Қазақстанда қаңғыбас жануарлар атылмайды және жануарлар санын реттеу тек стерильдеу арқылы жүргізілетін болған.  Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова  хабарлаған болатын. Осыған орай елімізде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң 2 наурыздан бастап күшіне енген болатын. Сонымен қатар, аралау барысында әкім «Ақтас» шағынауданындағы қаңғыбас жануарларға арналған орталықты тексеріп, жануарларды ұстау ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

МЭР ГОРОДА поручил ответственным как можно скорее решить требования жителей

Аким Шымкента с начала года посещает ряд объектов и встречается с жителями. Продолжилась встреча с постоянными жителями в подрайоне «Бозарык». Там обсудили вопросы внесения изменений в план поселения, природного газа и канализации на неглубоких улицах.

Аким также посетил Центр социального обслуживания детей No8 «Забота» Абайского района. В центре изучили и поручили рассмотреть возможности трудоустройства родителей детей, получающих услугу.

Мэр, ознакомившийся со строительством «уютной» школы в подрайоне «Нуршуак», поручил организации качественно и своевременно выполнить работы.

Он также посетил предприятие по производству овощных и фруктов в жилом массиве «Алтынтобе», и сообщил, что ему необходимо поддержать продажу товаров.

А жители подрайона «Кызылжар» подняли проблемы снабжения акимом природным газом, питьевой водой и электричеством. Было поручено ускорить работы по инфраструктуре.

В ходе допроса мэр осмотрел центр для бездомных животных в районе «Актас» и предупредил строго соблюдать правила содержания животных.

Ұқсас ақпараттар

«Shymqala» этноауылында «Текемет-fest» этнофестивалі басталды

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2023 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОҚСАНЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

smarttop

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШЫМКЕНТКЕ КЕЛУШІЛЕР КӨБЕЙГЕН

smarttop

Пікір қалдыру