1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҢ 74 ТҮРІ ДАМЫТЫЛЫП, 18 490 СПОРТШЫ МЕН 912 ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДЕ

Қазірде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 33 спорттық ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде 16 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 кәсіби спорт клубы, 3 спорт клубы, 1 дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері, 1 спорт ғимараттар дирекциясы, 1 су-спорт кешені және 4 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы спорт нысандары. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Саменбекұлы баяндады.

Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамытылып, 18 490 спортшы мен штаттағы 912 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.

Айта кетейік 37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес, 9 ұлттық спорт түрлері. Спортшылар: олимпиадылық спорт түрлері – 12481, қысқы спорт түрлері — 338, олимпиадалық емес спорт түрлері – 4008, ұлттық спорт түрлері – 1322, мүгедектігі бар спортышалар – 341 (пара-72, сурдо-153). Жаттықтырушылар:олимпиадалық спорт – 638, ұлттық – 69, олимпиадалық емес — 182, мүгедектігі бар — 23.

Сонымен қатар, Қазіргі уақытта, қаламызда №12 спорт мектептің спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың қазан айына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Құрылыстың жалпы қаржысы 1,7 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешені (спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейні бар) пайдалануға берілді.

Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Алдағы уақытта, Тұран шағын ауданындағы 5 гектар жер телімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Паралимпидалық, сурдлимпиалық спорт кешенінің» құрылысын 2025-2026 жылдар аралығында жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта, Тұран құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

Жаңталаптағы жаңа көпір қолданысқа берілді

smarttop

АИТВ ЖҰҚПАСЫНЫҢ АНАДАН БАЛАҒА ЖҰҒУ ҚАУІПІ 97 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру