38.3 C
Шымкент
Пятница, 25 июля, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА ⠀

2024 жылдың алғашқы 6 айында қаладағы 10 382 пәтердің 198 кемшілігі анықталып, оның 188-і қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша жұмыс әлі де жалғасуда. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайлы өмір сүру жағдайларын сақтау мақсатында жүргізілуде.
Үйлердің техникалық жағдайы басты назарда: 2021 жылдан бері 233 көппәтерлі тұрғын үйге техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 68 үй сейсмонығайтуды қажет етсе, 67 үй апатты деп танылды. Бұл үйлердің тұрғындары үшін қауіпсіздік бірінші орында, сондықтан қажетті шаралар қабылдануда.
2024 жылы анықталған кемшіліктер саны азайып келеді. Бұл құрылыс сапасының жақсарып жатқанын көрсетеді. Мердігер мекемелер кепілдік мерзімінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша белсенді жұмыс істеуде.
Шымкент қаласында тұрғын үй сапасы – басты назарда! Біз сіздің қауіпсіздігіңіз бен жайлылығыңызды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп келеміз деді, Олжас Пердебайұлы.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫН АЛАБТАРДА ОРНАЛАСҚАН ҮШ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН БІР КЛУБ ЖАҢАРДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 300-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫНА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ БАЗАСЫНДА «БІРЛІК АЛАҢЫ» АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру