4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 285 ЖАСҚА ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОҚУ ГРАНТЫ БӨЛІНЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2020 жылғы 27 мамырдағы отырысында сөйлеген сөзінде қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты қысқарту жөніндегі міндеттерге назар аударып, барлық балалардың тұрғылықты жеріне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан сапалы білімге қол жеткізуі тиіс екенін атап өтті.
ЭЫДҰ-ның бағалауы бойынша (білім беру саласындағы ұлттық саясатқа шолу) мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жүйесі талапкердің отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесін ескермей, оның академиялық үлгеріміне ғана бағдарланған.
Қазақстан әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен адамдар үшін жоғары оқу орындарына әділ қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттемелерін орындай отырып, 2021 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар санатын жоғары оқу орындарына оқуға түсу кезінде қабылдау жөніндегі квоталар тізбесіне енгізді. Квоталардың үлесі мемлекеттік гранттардың жалпы санының 53,5% -. құрайды.
Білім беруді дамыту Тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік гранттар саны ұлғаяды, 2025 жылға қарай 75 мыңнан астам жас қазақстандықтар мемлекеттік қолдауға ие болады. Алайда, 2030 жылға қарай мектеп бітірушілер санының екі есе өсуі күтілуде.
Осылайша, жоғары білімнің қолжетімділігі мәселесі ұзақ мерзімді кезеңде де өзекті болып қала береді. Бағдарламаның өзектілігі Қордың цифрлық платформасына ел азаматтарының өтінімдері мен өтініштерін талдауды да көрсетеді. Жұмыстың алғашқы үш айында (2022 жылғы ақпан-сәуір) Қорға 1500-ден астам өтінім келіп түсті, онда аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар, жетім балалар, мүгедек балалар еліміздің жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуді сұрайды. Өтінімдер негізінде гранттарға үміткер азаматтар санаттарының тізбесі қалыптастырылды.

Шымкентте биыл жастардың сапалы білім алуына және кәсіби деңгейі өсуіне жағдай жасау мақсатында тағы бір маңызды қадам жасалды. Қала әкімдігі мегаполистегі жетекші жоғары оқу орындарында білім алу үшін абитуриенттерге шәкіртақысымен бірге 285 грант бөледі.

Берілген гранттар – мегаполистің жалпы еліміздің дамуына үлес қосуға ұмтылған дарынды және ынталы жастарға сапалы білім алу мен жаңа мүмкіндік ашады.

Грантта оқуға ниет білдірген барлық абитуриенттерді әкімдіктің ресми ресурстарындағы жаңалықтарды бақылап, конкурстық іріктеуге белсенді қатысуға шақырамыз!

Ұқсас ақпараттар

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: «БІРЛІК КЕРУЕНІ» ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН БАСТАЛДЫ

smarttop

«Джайма» атты иттің көмегімен шекарадан «гашиш» есірткісін алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ: ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІ ЕСКЕРУ КЕРЕК

smarttop

Пікір қалдыру