20.3 C
Шымкент
Воскресенье, 22 сентября, 2024
Smarttop.kz

Ж.ШАНИН ТЕАТРЫ: ТАРИХҚА ТЕРЕҢ ҮҢІЛУ

Шымкент қаласындағы «Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығы» тақырыбында Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары — С. Құранбек, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты — Ғалымжан Елшібай, Қазақстан жазушылар одағының Шымкент қаласы өкілдігінің басшысы — Момбек Әбдәкімұлы, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі — Сая Қасымбек, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі – С.Сраил қатысып, театрдың бай тарихына тоқталып, осы жылдар ішінде өнер ордасында қызмет еткен, оның дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер мен естеліктерімен бөлісті.
Ұзақ уақыт бойы Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының тарихы 1934 жылдан басталады деп есептеліп келді. Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1934 жылғы қаулысы осы театрдың ресми бастауын көрсеткендей болды.
Алайда, соңғы зерттеулер театрдың тарихы одан әлдеқайда ертерек кезеңнен басталатынын анықтады. Архивтерден табылған құнды құжаттарда, 1927 жылы Жұмат Шаниннің театрдың дамуы жөнінде маңызды баяндамалар жасағаны белгілі болды. Бұл тарихи деректер театрдың шынайы бастауын көрсетіп отыр, дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы.
Бұл жаңалық мәдени мұрамызға деген көзқарасты қайта қарауға мүмкіндік береді. Театр тарихының тереңдігі мен оның қазақ мәдениетіне қосқан үлесі одан да бай екені дәлелденді. Ж.Шанин атындағы театрдың шынайы тарихы жаңа қырынан ашылып, ұлт руханиятына зор үлес қосады.
Ж.Шанин театры әрқашан өз көрерменін жоғары сапалы қойылымдармен қуантты, классикалық және заманауи қазақ драматургиясының жауһарларын сахналап, ұлттық құндылықтарды дәріптеп келеді. Театр сахнасында көрнекті режиссерлер мен актерлердің есімі танылып, талай жаңа таланттар ашылды. Бұл театрдың қазақ өнері мен мәдениетін дамытудағы рөлі орасан зор.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

СУ БАСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

smarttop

Шымкенттік халықаралық олимпиада жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың марапатына ие болды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

Пікір қалдыру