Smarttop.kz

Созақтық полицейлер сауабы мол іс жасады

Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев бастаған, жеке құрам қызметкерлері Құрбан айт қарсаңында қайырымдылық жасауға ниеттенді. Осылайша арнайы бір малды құрбандыққа шалды. Қойдың етін бөліктерге бөліп, қосымша азық-түлік өнімдерін қосып аз қамтылған отбасыларға үлестіріп берді. Яғни Созақ ауданының үш бірдей жанұя мүшелерінің жағдайларын сұрап, базарлықтарын апарып қуантып қайтты.

Өз кезегінде аталмыш отбасылардың ақ жаулықты аналары, тәртіп сақшыларына алғыстарын жаудырып, ізгі тілектерін білдірді. Жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

Қашанда қолдан келгенше қайырымдылық жасауды өздеріне парыз еткен ел қорғандары, жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі деп біледі. Мейірімділік пен қамқорлыққа бастайтын шарада аудан полицейлері бірауыздан келісіп, өзгелерге қолдан келгенше көмектесуді қолға алған. Бұл іс-шара жеке құрамның халықпен тығыз байланыста болуына бастайды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ 48 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ТІРКЕЛГЕН

smarttop

«АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ»

smarttop

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНІҢ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру