10.3 C
Шымкент
Воскресенье, 13 октября, 2024
Smarttop.kz

ТЕАТРДЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНЫҢ АЯСЫНДА ҚАРАША АЙЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ІХ ФЕСТИВАЛІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТЕДІ

Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының тарихы тереңнен бастау алады, бұл жайында архивтік құжаттардан алынған деректер дәлел бола алады. Ең маңызды құжаттардың бірі – 1929 жылдың 28 қыркүйегінде бекітілген «Шымкент қалалық қазақ драма театрының сахнасын жабдықтау бойынша материалдық-шаруашылық шығындар жөніндегі алдын ала смета» құжаты. Бұл құжатқа сәйкес, театрдың сахнасын жабдықтауға 7 589 рубль қаражат бөлінген. Бұл жаңалық мәдени мұрамызға деген көзқарасты қайта қарауға мүмкіндік береді. Театр тарихының тереңдігі мен оның қазақ мәдениетіне қосқан үлесі одан да бай екені дәлелденді.

Сонымен қатар, архивтен табылған тағы бір маңызды құжат – 1940 жылдың 27 қаңтарында жасалған Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының 1939 жылғы жұмысына жүргізілген ревизияның қортынды актісі. Бұл актіде театрдың директоры Л.И.Берещук 1932 жылдан бастап қызмет атқарғаны көрсетілген. Осы деректер Шымкенттегі қазақ драма театрының ресми ашылу мерзімінің 1934 жыл емес, 1929 жыл екендігін дәлелдейді.

Театрдың ашылуы кездейсоқ емес. Алаш қайраткері, драматург және публицист Жүсіпбек Аймауытов Шымкентте драма үйірмесін ашып, кәсіби театр мамандарын оқытып, қазақ ұлттық театрының қалыптасуына елеулі үлес қосқан. Осы театрда Хадиша Бөкеева, Әмина Өмірзақова сынды ұлы тұлғалар өнер көрсетті.

Осы деректерді ескере отырып, биыл Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының 95 жылдық мерейтойын атап өту жоспарлануда. Мерейтой аясында қараша айында Шымкент қаласында Орталық Азия театрларының ІХ фестивалі өтеді деп күтілуде. Ж.Шанин атындағы театрдың шынайы тарихы жаңа қырынан ашылып, ұлт руханиятына зор үлес қосады.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ » АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

smarttop

ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ МАМЫРДА БЕКІТІЛЕДІ

smarttop

МИБ ОНЛАЙН ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ

smarttop

Пікір қалдыру