18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУДА АЗАМАТТАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ КҮШЕЙТУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінде кезекті рет азаматтарды бірыңғай қабылдау өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков және орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрғындардың пәтер кезегі, инфрақұрылым, әлеуметтік сала және жер телімдеріне қатысты арыз-шағымдарын қарастырды.
Бірыңғай қабылдауда 200-ден аса тұрғынның арыз-шағымы қарастырылып, тиісті шешімдер қабылданды. Зерделеуді қажет ететін сұрақтар қала басшысының жеке бақылауына алынды. Сала басшыларына азаматтармен кері байланысты күшейтуде, өзекті мәселелерді оңтайлы әрі шұғыл шешуде бірқатар тапсырмалар берілді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМСАЯ ШАТҚАЛЫНДА КӨШЕТ ЕГІЛДІ

smarttop

Шымкенттік спортшылар топ жарды!

smarttop

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

smarttop

Пікір қалдыру