3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Шымкентке Атыраудан сарбаздар келді

Отан алдындағы борышын өтеу үшін Шымкенттің механикаландырылған бригадасына Атырау облысынан 20 әскерге шақырылушы келді. Олардың барлығы күзгі әскерге шақыру науқаны аясында іріктелген. Азаматтардың қарулы күштер қатарында өз еркімен мемлекеттің жүктеген міндеттерін атқаруы немесе өз еркімен мерзімнен тыс қызмет етуі. 1995 ж. кабылданған «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік» туралы заңды негізге ала отырып, Қазақстанның барлық ер азаматтары нәсілі мен ұлтына, діни сеніміне, біліміне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан, қарулы күштер қатарында міндетті әскери қызметті атқаруға тиісті. Міндетті әскери қызметке 18 жасқа толған азаматтар шақырылады. Шақыру жұмысы жылына екі рет, мамыр-маусымда және қазан-желтоксанда жүргізіледі. Әскери қызметшілерді запасқа босату жұмысы да нақ осы мерзімде жылына екі рет өткізіледі.

Әскери оркестрдің шеруімен саптық алаңда сарбаздар қатарына шақырылғандарды бөлім командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов қарсы алды. Ол болашақ сарбаздарға қызмет ететін бөлімнің тарихы туралы айтып, оларды жас толымның әкімшілігімен таныстырды.
— Сіздерді біздің әскери бөлімге келулеріңізбен құттықтаймын. Алдағы он екі айдың ішінде командирлеріңіздің басшылығымен сіздер әскери істің білікті маманы боласыздар, ал ата-аналарыңыз сіздерді мақтан тұтады. Әскери форманы абыроймен киіңіздер және қойылған міндеттерді адал орындаңыздар, – деді әскери бөлім командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов.
Салтанатты кездесуден кейін сарбаздар казарманың орналасқан жерімен танысты, ал жас толым жиынының басшылығы жас жауынгерлерге әскери киімдерін ретке келтіруге көмектесті.
Алдағы бір айдың ішінде олар жалпы әскери дайындықтың негізгі пәндері бойынша білім алады. Олармен саптық, дене шынықтыру, атыс, әскери-медициналық даярлық, жалпыәскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар өткізіледі. Жас толымның жиыны әскери ант қабылдау рәсімімен аяқталады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Полиция департаментінде келелі кездесу ұйымдастырылып, Наурыз мерекесінің тарихы дәріптелді

smarttop

МАУСЫМ «ЖОҒАЛҒАН ЖҰРНАҚПЕН» ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

smarttop

Пікір қалдыру