3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«АҚ КЕМЕДЕ» КӨРЕРМЕН КӨП БОЛДЫ

95 жылдық тарихы бар Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының өзінің 96 жаңа маусымның шымылдығын Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» пластикалық қойылымымен ашты.
Театрдың жаңа маусымына көрермен залда лық толды.
Өйткені, ұлы суреткердің «Ақ кемемен» өз әкесінің келетініне сенетін Бала туралы шығарма бәрімізге етене таныс. Төрткүл дүниенің бір бұрышындағы әсем табиғат аясында алты ересек жан мен жеті жасар баланың тіршілік етуі бізге ақ пен қараның, үміт пен үрейдің адам бойында мәңгілік айқасқа түсіп жататынын аңғартады. Баланың арманы ақиқатқа айналады ма әлде үміті үзіледі ме? Спектакль осы сауалға жауап іздейді. Күн шықса шексіз көкжиектерге дүрбімен қарап, кеш батса айдын көлге арман-қиялында «ақ кеме» салып, әкені аңсаумен, ана құшағына жарымай өскен баланың тағдыры мен көркем бейнесі көпшіліктің көңілінен айрықша орын алары анық.
Осы тұрғыдан алғанда қоюшы режиссер «Қойылым — табиғат аясында болып жаткан адам мен тылсым күш арасындағы тартысты көрсетеді. Бұғы ана мейірім мен махаббатқа толы өмір сүруге жол көрсетеді. Алайда, қоғамда өзін «маңызды» көрсету үшін мейірімнен бас тартқан қатыгез пенденің іс-әрекеті суреттеледі. Мейірімнен бас тартуга мәжбүр пенде коғамда өмір сүру үшін, күнелту үшін өзін жоғалтып, бақытсыз болуға дайын. Кейіпкердің жан тебіренісін сезіндіру үшін актерлер сөзбен немесе оқиғаны баяндап емес, іс-әрекетке, үнсіз қимылға бағындырып жеткізуге тырысты,-дейді Гауһар Адай.
Көрермендер көңілінен шыққан қойылымның соңында қала әкімі Ғ.Сыздықбековтың және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ университетінің, Шымкент қалалық опера және балет театрының ықылас гүлдері табыстады.

Ұқсас ақпараттар

«IGILIK PARK» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

smarttop

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ ШЫРАЙЫ — ШӘМШІ

smarttop

Пікір қалдыру