16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІН ЦИФРЛАР  АРҚЫЛЫ ДӘЛЕЛДЕДІ

2022 жылдың 2 тоқсандағы жағдайымен Шымкент қаласы бойынша жұмыссыздар саны 22 546 адам, жұмыссыздық деңгейі                   5% құрайды.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде  2022 жылға 33 500  адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты   33 796 адам қатысты немесе жоспар 100,9% орындалды.

Кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланған, нақты   3 354 адам оқуға жолданған (140,2%) Олар:

— 1 632  адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыссыздарды жұмыс орындарында оқыту жоспарланған, нақты 1 632 оқуға жолданған (100%);

— 760 адам жұмыс берушінің жұмыс орнында оқыту, нақты 760 адам (100%);

— 1 976 адам дағдыларға онлайн-оқытуды ұйымдастыру, нақты 1 137 адам (57,5%).

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетілетін болады, нақты 13 524 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсетілген (4 есе). Олар:

— 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, нақты 12 329 адам оқуға тіркелген (6 есе);

— 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру жоспарланған, нақты 1 195 адамға берілген (342 адам жастар,                854 адам осал топ қатарынан (43 адам атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 29 адам асыраушысынан айырылған, 506 адам көп балалы отбасыларының мүшелері, 132 адам мүгедектігі бар балаларға қараушы, 144 адам мүмкіндігі шектеулі азаматтар)).

 Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 4 819 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетіледі, нақты 5 201 адам (108%). Олар:

— 90 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 126 адам (140%);

— 2 098 адам жастар практикасы, нақты 2 322 адам (110,7%);

— 2 188 адам жоспар ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты  2 413 адам (110,3%);

227 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», нақты 296 адам (130,4%);

— 24 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы, нақты 20 адам (83,3%);

— 192 адам   «Күміс жас» жобасы, нақты 24 адам (12,5%).

Жұмысқа орналастыру бойынша 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру  жоспарланған, нақты 11 542 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (49,7%).

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА МАҚТА СОРТЫ ӨСІРІЛЕ БАСТАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ СУ АРНАЛАРЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ХАБАРЛАНДЫРУ Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына!

smarttop

Пікір қалдыру