9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫН БЕКІТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы кейбір нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Ол алдымен Еңбекші ауданы, «Маятас» тұрғын алабында Бадам өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын көрді. Жағалаудың екі жағынан бекітілетін аумақтың ұзындығы 18 шақырым. Бұл аудандағы жұмыс толық аяқталған. Ал, Абай ауданындағы бөлігі ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, алдыңғы аралау кезінде осы тұрғын алаптың тұрғындары ескі аспалы көпірдің жағдайына шағымданып, өзен арқылы жаңа жаяу жүргінші көпірін салу туралы өтініш білдірген болатын. Бүгінде қала әкімінің тапсырмасы бойынша, мердігер ұйым әлеуметтік жауапкершілік аясында жаңа көпір, жаяу жүргінші жолдары мен балалар алаңын салып берді. Шаһар басшысы компания өкілдеріне қаланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, қалған жұмыстың сапалы әрі уақытында аяқталуына көңіл бөлуді тапсырды.

Бұдан бөлек, әкім Тұран ауданындағы «Металлург» саябағының ағымдағы жағдайын тексерді. Йога алаңының құрылысы барысымен танысты және жергілікті тұрғындармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Азаматтар жаз мезгілінде орындықтар санын көбейту және жаттығу құралдарын жаңарту қажеттігін айтты. Қала басшысы жауапты мамандарға тұрғындардың пікірін ескеріп, тиісті жұмыс жүргізуді және саябақтағы сыртқы жарықтандыру кестесін түзетуді тапсырды.

Әкім Абай ауданында Темірлан тас жолы бойындағы бұған дейін қараусыз қалған гүлзарды қалпына келтіру жұмыстарын да тексерді. Жаңартылған қоғамдық орында газон мен ағаштар отырғызылып, суару жүйесі, орындықтар және жарық шамдары орнатылды.

Сондай-ақ, «Жиделі» тұрғын алабындағы Диваев және Бекет батыр көшелерінде орналасқан жаңа сквердің құрылысымен танысып, Тәуке хан даңғылы, «Көл» аумағы, Тәшенов және Түркістан көшелері, Орталық саябақ және Шәмші Қалдаяқов атындағы саябақтың жағдайы мен тазалығын да тексерді. Тексеруден кейін аудан әкімдіктері мен жауапты басқармаларға көше мен аулалардың тазалығын бақылауды күшейтуді тапсырды.

фото интернет желісінен алынды

Ұқсас ақпараттар

ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

smarttop

170 ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ АРҚЫЛЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

smarttop

ӘСКЕРИ МАМАНДАРДЫҢ ІС-ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру