0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШАҺАР БАСШЫСЫ БІР ҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында қаладағы бірқатар нысандарда болып, жұмыс барысын бақылады. Ең алдымен, “Шымкент Сити” шағынауданындағы жол құрылысын, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Изенді көшесіндегі күрделі жөндеу жұмысын, сондай-ақ Жандосов көшесінің Сасбуқаев пен Адырбеков көшесі аралығында атқарылып жатқан жұмыстарын тексерді.

Әңгіме барысында мердігер мекеме өкілдеріне жөндеу жұмыстарын қатаң құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Барлық бағыттағы жұмысты жеделдетуді және жөндеу жұмыстары жол қозғалысына кедергі келтірмеуі үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Автомобиль кептелісін азайту мақсатында, транспорт және автомобиль жолдары басқармасының басшысына Изенді көшесін Төлеметов көшесіне дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруды жүктеді.

Сонымен қатар, жол құрылысы саласын цифрландыру барысымен танысып, жылжымалы жол зертханасының жұмысын көрді. Қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қалада автомобиль жолдарын кешенді тексеру, техникалық есепке алу, температура мен ылғалдылық мониторингін жүргізу арқылы жолды басқару жүйесін жетілдіру және сапасын арттыру жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бұл жаңа зерттеу түрі жол мен нысандардың техникалық жай-күйін талдауға, олардың паспорттауын жүргізуге және электронды жол базасына енгізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, “Жаңаталап” шағынауданындағы жаңа көпір құрылысы мен Бадам өзенінің жағасын бекіту жұмыстарының да барысын пысықтады.

Әрі қарай Абай атындағы саябақ, “Аналар аллеясы”, Рысқұлбеков, Мәделі қожа, Жандосов, Шаяхметов, Ерімбетов және Жәнібеков көшелеріндегі жаяу жүргінші жолының, көше жарығының жай-күйін және тазалығын тексерді. Сондай-ақ, Жібек жолы мен Жандосов көшелерінің қиылысындағы және 17-шағынаудандағы скверлер құрылысын бақылады.

Жаяу аралау қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Жауаптыларға қоқысты жинау мен шығару бойынша бақылауды күшейту және шымкенттік арнаның уақытылы сумен толтырылуын қамтамасыз ету міндеттері жүктелді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ 50 КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

СОТ ШЕШІМІМЕН ШЫМКЕНТ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА САПАСЫЗ ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНГЕН

smarttop

Пікір қалдыру