-6.7 C
Шымкент
Четверг, 14 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА: 397 ҚЫЛМЫСКЕР АНЫҚТАЛДЫ

2024 жылдың 9 айында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 397 қылмыскер анықталып, олардың басым көпшілігі 21-29 жас (139 адам) және 30-39 жас (131 адам) аралығындағы тұлғалар болды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2023 жылы дәл осы уақытта 447 қылмыстық іс тіркелген болатын. Биылғы жылы да есірткімен күрес жұмыстары белсенді жүргізіліп, ҚПК-тің 128-131 баптары бойынша 54 адам қамауға алынған, олардың 5-еуі бұрын сотталғандар.

Марихуана, каннабис және гашиш өңірде есірткі заттарының таралуында басты орын алғанымен, синтетикалық есірткілердің таралуы да күрт өсуде. Бұл қылмыс түріне байланысты қолданушылардың да саны артып келеді. 2024 жылдың өзінде синтетикалық есірткі өндірісімен айналысатын екі зертхана анықталған.

Сонымен қатар, Бас прокуратураның «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында, қала әкімдіктері мен полиция қызметкерлері бірлесіп, есірткі қылмысының алдын алу және есірткі жарнамаларын жою мақсатында арнайы іс-шаралар өткізді. Бұл шаралар аясында 500-ден астам заңсыз жарнамалар жойылған.

Осыған орай, 2024 жылдың 9 айында Шымкент қаласында есірткі заттарын жарнамалайтын және сатумен айналысатын 50-ге жуық ғаламтор сілтемесі анықталып, «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, бұғатталды. Тексеру нәтижесінде 10 жарнама түрі бойынша қылмыстық істер тіркелген.

Мысалы, 21 тамызда Тұран ауданында бірқатар ғимарат қабырғаларына есірткі сатуға қатысты жарнамалар жазылғаны анықталып, бұл факті бойынша ҚК-тің 299-1-бабымен қылмыстық іс қозғалған. Жергілікті полиция тергеу жұмыстарын жалғастыруда, ал күдікті тұлғаларды анықтау үшін шаралар қабылдануда.

Қала тұрғындарымен бірлесіп, есірткі жарнамалары бар қабырғалар сырланып, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен кездесу барысында есірткінің зияны мен заңсыз әрекеттердің салдары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, бұл шараларға қазақстандық танымал әртістер мен қоғам қайраткерлері, атап айтқанда «Мұзарт» тобының әншілері Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанабілов, Нұрлан Өнербаев, Серік Ибрагимов, «Alldavay» тобының солисті Шоқан Маратұлы өз қолдауын білдірді. Олар өздерінің әлеуметтік желілерінде есірткіге қарсы профилактикалық шараларға қатысып, ақпарат таратқан.

Ұқсас ақпараттар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАДАҒАЛАДЫ

smarttop

ОТБАСЫ КҮНІ ОТБАСЫЛЫ БОЛҒАНДАР НЕКЕ КУӘЛІГІН АЛДЫ

smarttop

4 000 000 теңгеден астам шығын келтірген бақташы анықталды

smarttop

Пікір қалдыру