-6.7 C
Шымкент
Четверг, 14 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР МЕН ГАЗ СТАНЦИЯЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Шымкент қаласында жолаушыларды тасымалдау қызметі тұрақты дамуда. Бүгінгі таңда 80 бағытта күнделікті 947 автобус жолаушыларды тасымалдайды. Бұл маршруттарға 11 көлік компаниясы қызмет көрсетуде. Қала бойынша автобустардың жалпы саны 1150-ге жетті: 44 автобус 3 жылға дейін, 1090 автобус 5 жылға дейінгі мерзімде жұмыс істесе, 7 жылдан асқан көліктер саны – 16.

Қоғамдық көліктердің барлығы GPS трекерлерімен жабдықталған, бұл қызметтің сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Автопарктің 615 автобусы сығымдалған газ-метанды қолданса, 535 автобус дизель отынымен жұмыс істейді. Қаладағы көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында екі газ толтыру станциясы қызмет көрсетіп отыр, ал жыл соңына дейін «Shymkent Bus» автопаркінде үшінші газ станциясы іске қосылмақ. Бұл жаңа станция қаладағы газбен қамту мәселесін түбегейлі шешеді деп күтілуде.

Әлеуметтік маңызы бар маршруттар да назардан тыс қалмаған: 77 бағыт осы санатқа кіріп, жергілікті бюджеттен 33,2 млрд теңге субсидия бөлінді. Сонымен қатар, биыл тасымалдаушы компаниялар өз автопаркін жаңартуды жалғастырды: 19 жаңа автобус сатып алынды, ал «Shymkent Bus» 200 жаңа автобус алуға «Өндірістік даму қоры» АҚ-нан мақұлдау алды. Жыл соңына дейін кезең-кезеңімен 100 автобус жеткізіледі деп жоспарлануда.

Бұл шаралар Шымкент тұрғындарына қоғамдық көліктегі қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Осыған орай Шымкентте қоғамдық көліктегі төлемдердің 97%-ы электронды форматқа өтуде. 2024 жылдан бастап Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде қолма-қол төлем қабылдау жүйесі толығымен жойылып, тек электронды төлем түрлері ғана қолданылады. Бұл шешім жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға және көлік жүргізушілерінің назарын жол қозғалысына толық аударуға бағытталған маңызды қадам.

Қазіргі таңда жолаушылардың көпшілігі қоғамдық көлікте жол ақысын қолма-қол төлеуге мәжбүр болып жатады. Бұл, өз кезегінде, жүргізушілердің көлікті басқару кезінде ақша жинаумен айналысуына себеп болып, олардың назарын бөледі. Осының нәтижесінде жүргізушілер тек көлікті жүргізіп қана қоймай, қолма-қол ақшаны қадағалаумен айналысады, бұл жағдай кейде жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар, қолма-қол төлемдерді талап ету жолаушылар мен жүргізушілер арасында жанжал туғызатын жағдайлар аз емес.

2024 жылдың алғашқы 9 айында Шымкенттегі қоғамдық көлікке қатысты «І-Көмек» орталығына және қала әкімінің ресми парақшасына 12 мыңнан астам шағым түскен. Оның ішінде жүргізушілерге қатысты 6 мыңнан аса шағым тіркелген, олардың басым көпшілігі — 3 351 шағым — жолаушылардың қолма-қол төлем жасауға мәжбүрлеуіне байланысты болған.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 700-ДЕН АСТАМ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

smarttop

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ МЕН ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІК АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру