3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«AVTOBYS» ЖҮЙЕСІ ШЫМКЕНТТЕ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру және тасымалдаушылардың жауапкершілігін күшейту мақсатында «Avtobys» электрондық билет жүйесі іске қосылды. Бүгінде бұл жүйе Қазақстанның 17 қаласында және Қырғыз Республикасының Ош қаласында табысты жұмыс істеп жатыр. Отандық технологиялар негізінде жасалған «Avtobys» жүйесі қоғамдық көлікте заманауи әдістер мен шешімдерді енгізу арқылы жолаушыларға тиімді және ыңғайлы қызмет көрсетуді көздейді.

2024 жылдың басында «Avtobys» компаниясы Шымкенттің көлік жүйесін жаңғырту жұмыстарына кірісті. Нарықтағы барлық тәуекелдер мен қиындықтарды зерттеп, жаңа технологияларды енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік алынды.

«Avtobys» жүйесі жолаушылардың төлемдерін Bluetooth, банк карталары және басқа да заманауи әдістер арқылы жасауға мүмкіндік береді. Жеңілдікті санаттағы жолаушылар үшін виртуалды тарифтер енгізіліп, физикалық көлік карталарын пайдаланудан толық бас тартуға мүмкіндік берілді. Бұл жолаушыларға төлем процесін барынша ыңғайлы әрі жылдам етуге септігін тигізеді.

Жүргізушілердің планшеті жүйесі көлік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жасалған. Планшет арқылы жүргізуші автобустың кестесін, жолаушылардың төлемдерін бақылай алады, сондай-ақ диспетчермен екіжақты байланыс орната алады. Бұл жаңашылдық көліктің уақытында аялдамаларға жетуін қамтамасыз етеді.

Қалада қоғамдық көлік қызметі жаңарып, жолаушыларға жеңілдіктер енгізіліп,  қоғамдық көлік қызметін дамыту мен тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді. Енді тасымалдаушыларға қойылған талаптарды бұзған жағдайда айыппұл мөлшері 1,5%-дан 3%-ға дейін ұлғайды. Автобустардың аялдамаға тоқтамауы немесе кестеден 15 минутқа кешігуі/ерте келуі автоматтандырылған жүйе арқылы бақылауда. Жыл басынан бері бұл шаралар қала бюджетіне 424,5 млн теңге үнемделуіне септігін тигізді.

Қала тұрғындарының сұранысына байланысты жаңа маршруттар ашылды. «Тұран», «ШымСити», «Нұртас», «Ақжайық» шағын аудандары арқылы өтетін №3 айналма маршрут пен «Оңтүстік» шағын ауданындағы №4 маршрут іске қосылды. Сонымен қатар, 22 маршруттың қозғалыс сызбалары өзгертіліп, жолаушылар ағынының өсуіне байланысты 17 маршруттың қозғалыс кестесі кеңейтілді. 9 маршруттың жұмыс уақыты түнгі 23:00-ге дейін ұзартылып, тұрғындардың түнгі уақытта қала ішінде қолайлы жүріп-тұруы қамтамасыз етілді.

2024 жылдың 1 мамырынан бастап, 14 әлеуметтік санатқа жататын азаматтарға қоғамдық көлікте тегін жол жүру құқығы берілді. Бұл жеңілдік 319 мың тұрғынды қамтиды. Жеңілдік карталарын алу үшін қалада төрт арнайы пункт ашылды.

Шымкент қаласында 2335 аялдама орны бар, оның 838-і жаңа типтегі аялдамалар. Бұл өзгерістер жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

«Жастар тәжірибесі» жобасының басталуы

smarttop

Ә.ҚАСТЕЕВ КОЛЛЕДЖІ ЖАТАҚХАНАСЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 65% ОРЫНДАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІКТЕР БАУЫРЛАС ЕЛГЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

smarttop

Пікір қалдыру