9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕГЕ ӨТТІ

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бұдан былай қоғамдық көлікте жол ақысы тек электронды түрде қабылданатын болды. Қала әкімінің тапсырмасымен қолма-қол төлем жойылып, төлемдерді тек көлік картасы, QR код, СМС, банк карталары, арнайы қосымшадан NFC және Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay арқылы жасауға болады.

Бұған дейін қоғамдық көлікте қолма-қол төлем түрін жүргізушінің өзі жүргізетіндіктен, көлік құралын басқарудан алшақтауға мәжбүр болатын. Бұл жолаушылардың, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Оған қоса, қоғамдық көлік жүргізушісі мен жолаушылар арасында жиі түсініспеушіліктер орын алатын. Жыл басынан бері қоғамдық көлік бойынша түскен 6 мың арыз-шағымның 3 мыңнан астамы жүргізушілерге қатысты. Оның ішінде, жолаушыларды қолма- қол ақшамен төлеуге мәжбүрлеу, қасақана есіктерді ашпау жайттары тіркелген.

Қазіргі талдауларға сәйкес, автобустарда төлемдердің 97%-ы электронды түрде жүзеге асырылған, ал қалған 3%-ы қолма-қол ақшамен төленген. Бұл көрсеткіш электронды жүйенің жолаушылар үшін тиімді екенін көрсетеді.

Өзгерістердің нәтижесінде көлеңкелі ақша айналымы, қоғамдық көліктердің кешігуі және жол-көлік оқиғаларының саны азайту күтілуде. Бүгінде қалада 80 тұрақты маршрутта күнделікті 947 автобус жолаушыларды тасымалдауда.

Осыған орай Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде төлем жасау технологиясы жаңартылды.

Қаламызда қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру және тасымалдаушылардың жауапкершілігін күшейту мақсатында осы жүйе іске асырылды. Отандық технологиялар негізінде жасалған жүйе, қоғамдық көлікте заманауи әдістер мен шешімдерді енгізу арқылы жолаушыларға тиімді және ыңғайлы қызмет көрсетуді көздейді.

Нарықтағы барлық тәуекелдер мен қиындықтарды зерттеп, жаңа технологияларды енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік алынды.

Ішкі саясат басқармасы Шымкент

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН 5 АЗАМАТҚА 900 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

smarttop

Шымкент: Еңбекшінің полицейлері ІІМ әйел-зейнеткерлерін Халықаралық мейраммен құттықтап, құрметке бөледі

smarttop

БАСТЫ МӘСЕЛЕ БАСПАНА

smarttop

Пікір қалдыру