30.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2023»: ШЫМКЕНТ СТУДЕНТТЕРІ ҮЗДІК ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ

Астанада Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Талап» қоғамы ұйымдастырған WorldSkills Kazakhstan – 2023 VIII Республикалық чемпионаты мәресіне жетті. Өңірлік сайыстардың жеңімпаздары үш күн бойы 30 құзырет және 7 бағыт бойынша бақ сынасты. Салтанатты марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

Шымкенттік жастар кәсіптік және жұмысшы мамандықтарының дәстүрлі чемпионатына 2016 жылдан бері қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Биыл шымкенттік 30 студент 29 құзыреттілік бойынша сынға түсті. Олардың ішінде электр монтаждау, бизнеске арналған ІТ шешімдер, кірпіш қалау, мобильді робототехника, мехатроника, шаштараз және т.б. құзыреттіліктер бар.

Қала құрамасы 29 құзырет бойынша 5 алтын, 2 қола медальді және 11 ерекше медальонді иеленді. Нәтижесінде, Шымкент командасы Абай облысы мен Алматы қаласынан кейін үшінші орынды жеңіп алды.

Ұқсас ақпараттар

Референдум – это шанс для каждого казахстанца повлиять на решение, которое затронет будущее нашей страны

smarttop

ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНЕН БАСТАЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ШАЙЫНДЫ СУ ӨҢДЕУ КЕШЕНІНІҢ ҚУАТТЫЛЫҒЫ 50 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТРГЕ АРТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру