4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН АРТТЫРДЫ

2024 жылғы 16 тамызда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша қалалық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында маңызды мәселелер талқыланып, тиісті органдарға тапсырмалар берілді.

2024 жылғы 1 қазаннан бастап елімізде жылыту маусымы басталды. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін 4 өрттен топтық адам өлімі тіркеліп, 17 адам, оның ішінде 6 бала қайтыс болды. Атап айтқанда, 2024 жылғы 11 қазанда Қостанай облысы Жітіқара қаласында 5 бала қайтыс болған қайғылы оқиға орын алды. Бұл отбасы әлеуметтік осал топтар тізімінде тұрған.

Осы оқиғалардың алдын алу және тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында келесі шаралар жүзеге асырылды:

  • Әлеуметтік желілерде 138 ақпараттық материал, бұқаралық ақпарат құралдарында 34 жарияланым шықты.
  • Қала аумағында 150 рет дауыс зорайтқыштар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
  • 3812 қатты отынмен жылытылатын тұрғын үй араланып, 7 мыңнан астам адамды қамтитын түсіндіру жұмыстары өткізілді.
  • 1500 оқушыны қамтитын 42 интерактивті сабақ ұйымдастырылды.

Әлеуметтік жағдайы төмен 2222 отбасыға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 8714 адамға жадынама парақшалары таратылды. 334 отбасы қайта араланып, 89 үйге газанықтағыш құрылғылар орнатылды. Сондай-ақ, 80 үйдің түтін мұржалары тазартылған. Жеке кәсіпкерлермен және әкімдіктермен меморандум арқылы 125 газанықтағыш құрылғылар сатып алынған.

Осыған орай, қаламызда газдан уланудың алдын алу шаралары күшейтіліп, 21 мыңнан астам үй тексерістен өтті. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының Газ техникалық инспекция бөлімі мен «Шымкент қаласының Газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар қала тұрғындарын газбен улану қаупінен қорғауға және газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігін түсіндіруге бағытталған.

2024 жылдың басынан бері басқарма тарапынан: 44 көшпелі жиын және 39 кездесу, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 58 мақала, пост және брифинг жарияланып, 67 800 дана жадынама таратылған.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

«ШЫМКЕНТ СИТИ» САЯБАҒЫНДА БИІКТІГІ 100 МЕТР ТУ ТҰҒЫРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ЖЫЛЫ АНЫҚТАЛҒАН 410 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ 89% ЖОЙЫЛЫП, ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕСТЕНДІРІЛДІ

smarttop

Кәмелет жасына толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында семинар өтті

smarttop

Пікір қалдыру