0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ОҚЫ,ОҚЫ ЖӘНЕ ОҚЫ

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының 2022 жылы атқарылатын жұмыстары мен қол жеткізу индикаторлары бойынша қала әкіміне баяндама жасалды.
Басқарма басшысының орынбасары М.Кеуенова биылғы жылы кітапханаға келуші оқырмандар санын 282 762 адамға ұлғайту жоспарланғанын айтып, ол индикаторға қол жеткізу бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
«Өткен жылы 10 кітапханамыз модернизациядан өтті. Биыл 3 кітапхананы өткізу жоспарлануда. Барлық кітапханаларды жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісіне қосылады. Кітап қорын цифрландыру жұмысы жалғаспақ. Сонымен қатар, Әл-Фараби кітапханасына Әл-Фарабидің еңбектерінің, трактаттарының, ноталарының көшірмелерін алу мәселесі қолға алынды. Кітапхана қызметкерлерін әлемдегі Әл-Фараби орталықтары орналасқан елдерге тәжірибе алмасуға жіберу бойынша жұмыстар атқарылатын болады»,-деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.
Одан бөлек, қала басшысы әрбір елдімекендерге көшпелі қойылымдар ұйымдастыруды тапсырды. Ұлттық идеологиямен сабақтасқан қойылымдардың көркемдік деңгейі мен сапасына көңіл бөле отырып, қала тарихы тақырыбына сай жаңа ұсыныстар керектігін айтып өтті.
Жиын соңында қала әкімі мәдени нысандарға кіріп – шығу тәртібін автоматтандыруды және оның орыналу барысын жіті қадағалауды жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

ЫНТЫМАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №54 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

smarttop

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру