25.3 C
Шымкент
Среда, 16 июля, 2025
Smarttop.kz

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған екі жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында жолда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған екі жүргізушіні тоқтатқан. «Тойота» және «Лада» маркалы автокөліктер жол ортасындағы үздіксіз қос жолақты ақ сызықты қиып, бұрылған.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу – алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады) әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама түзілген.

Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ, мұндай маневр қозғалыстың барлық қатысушыларына қауіп төндіретіндігін ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

Орта жастағы әйел полицейге қаруын тапсырды

smarttop

ҚАЛА БОЙЫНША ЖАҚСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Полицейлер тұрғындардың малын ұрлап қасапшыларға өткізген 2 ер адамды ұстады

smarttop

Пікір қалдыру