Smarttop.kz

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған екі жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында жолда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған екі жүргізушіні тоқтатқан. «Тойота» және «Лада» маркалы автокөліктер жол ортасындағы үздіксіз қос жолақты ақ сызықты қиып, бұрылған.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу – алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады) әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама түзілген.

Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ, мұндай маневр қозғалыстың барлық қатысушыларына қауіп төндіретіндігін ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚОСЫМША КОРПУСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ 1-ШІ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСҚАН ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА ҚЫЛМЫС АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру