29.3 C
Шымкент
Пятница, 25 июля, 2025
Smarttop.kz

Шымкенттік полицейлер мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер әперемін деп, тұрғынды 2,5 млн теңгеге алдаған азаматты ұстады

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер әперемін деп әбден сендірген. Осылайша 2 540 000 теңгесін алдын ала иемденіп алған. Алайда арада уақыт өте танысы не пәтерін, не ақшасын қайтармай ізін суытқан.
Аталған жайтты ашу мақсатында Әл-Фараби АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тұрғынды алдап-соққан азаматтың жеке-басын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, ұсталған азамат арызданушыдан алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар жоғы анықталуда.
Осы орайда, шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды, белгісіз азаматтарға артық сенім білдірмеу керектігін қатаң ескертеді.
Егер Сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӨЗ ШЕШІМІН ТАУЫП ЖАТЫР

smarttop

Полиция қызметкерлері ұрлық жасаған дүкен сатушысын құрықтады

smarttop

Пікір қалдыру