Smarttop.kz

№72 МЕКТЕПТІҢ ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектептің сыйымдылығы 1200 оқушыға арналған. Білім мекемесінде 3 556 оқу жылын аяқтады. Оқушы саны шамадан тыс көп болғандықтан қосымша ғимарат қажеттігі туындаған.

Қала әкімі білім нысандарын аралау барысында №72 мектептің қосымша ғимарат құрылысын да көрді.

Жаңадан салынып жатқан оқу корпусының сыйымдылығы 375 орын. Екі ауысымда 700 жүзден аса оқушы білім алуға болады. Қолданысқа берілген нысанда балалардың білім алуымен бірге 27 жаңа жұмыс орны ашылады.

Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 1350,74 шаршы метр. Құрылыс жұмысы осы жылдың наурыз ауында басталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың тамызына жоспарланып отыр.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: «ТҰЛҒАЛАР МЕН ЦИФРЛАР АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ СҮЮ» АТТЫ АУҚЫМДЫ ФОТО-КӨРМЕ ДАЙЫНДАЛУДА

smarttop

«ҚЫС-2022» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ АЯСЫНДА ІС-ШАРАЛАР ӨТУДЕ

smarttop

ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру