Smarttop.kz

100 ҮЗДІК МАМАН БАЙҚАУЫ ҮМІТКЕРЛЕРІН КҮТЕДІ

«Бірлік» жеке қоры «ҚР-ның 100 үздік маманы – 2022» республикалық жобасын өткізеді. Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының үздік мамандарын анықтау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, сондай-ақ жеңімпаздардың еңбек әдістері мен тәсілдерін зерделеу негізінде ҚР-ның әртүрлі салаларының үздік қызметкерлерін көтермелеу. Бұл байқауға мемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт, әлеуметтік қызмет, шағын және орта бизнес, құқық қорғау жүйесі өкілдері, жұмысшы мамандықтар және азаматтық қызметкерлер жіберіледі. Конкурс облыстық және республикалық кезеңдер бойынша өткізіледі. Оған 1 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер қатыса алады.
Үміткерлер өз жұмыстарын және өтініштерін 2022 жылғы 10 наурызға дейін fondbirlik@gmail.com электронды почтасына жолдауы тиіс. Байқау туралы толық ақпаратты +7 775 888 99 50 нөміріне WhatsApp желісі арқылы хабарласып, алуға болады.
Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен, сертификаттармен марапатталады. Ал республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен қатысушылары «ҚР-ның 100 үздік маманы – 2022» форумына шақырылып, ресми түрде дипломға ие болады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 13 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

smarttop

ТҰРАНДА ТАҒЫ ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДА БОЛДЫ

smarttop

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

1 Пікір

smarttop 08.03.2022 at 00:15

керемет

Жауап

Пікір қалдыру