Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА «ПАРАСАТ» ПІКІРТАЛАС КЛУБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Созақ ауданы Шолаққорған ауылының Мәдениет үйінде «AMANAT» партиясының аудандық филиалы жанынан құрылған «Парасат» пікірталас клубының алғашқы жиыны өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің қатысуымен өткен шараға аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев, ауыл мен округ әкімдері, клуб мүшелері, белсенді азаматтар мен жастар, БАҚ өкілдері қатысты.
Басқосу барысында өңір басшысы Мұхит Тұрғараев көктемгі дала жұмыстары және көгалдандыру, ауыз су, табиғи газ, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді клуб мүшелерімен талқыға салды. Сонымен қатар жиында қоғам белсенділері жергілікті бюджет, жол, өндіріс орындарындағы мәселелер, жұмыссыздықпен күрес мәселелерін көтерді. Белсенділердің ұсыныстарын тыңдаған аудан басшысы мәселелердің шешілуі жолында тізе қосып еңбек етуге шақырды.
«Парасат» пікірталас клубының келесі отырысы көктемгі дала жұмыстары мен елді мекендерді көгалдандыруға арналып, Шолаққорған ауылында өтетін болып белгіленді.

Ұқсас ақпараттар

М.ӘЙТЕНОВ: «НЫСАНДАРДЫ ӨНДІРІСТІК КЕСТЕГЕ САЙ ТАПСЫРУ ҮШІН ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ»

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРҒАҚ ҚҰРЫЛЫС ҚОСПАЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШЫЛМАҚ

smarttop

ТӨРТ ЕЛДІМЕКЕНДЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ САЛЫНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру