22.4 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

М.ӘЙТЕНОВ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірнеше нәзік жандыны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, шаңырағына барды.

Алдымен қала әкімі зиялы қауым өкілі — «Восход» фабрикасының директоры Гулужиган Байгаринаның шаңырағында болды. Қаланың өркендеуіне, экономикалық өсіміне елеулі үлес қосқан кәсіпкерге өзінің алғысын білдірді. Қаншама жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан фабрика — қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі екенін айтып, ақ жарма тілегін жеткізді.

Шаһар басшысы бүгінгі құттықтауында қала зиялыларының бірі — Сайлаукүл Барахованы да естен шығармады. Экс-сенатор, облыс әкімінің орынбасары болған, ұстаз, аяулы ана Сайлаукүл Жаппарқызы қазіргі таңда құрметті зейнеттік демалысында. Үйдегі 100 жастағы қарт анасы Зара Ибрагимоваға да қала әкімі арнайы сыйын ұсынып құрмет көрсетті.

— Сіздер салған жолмен қаншама қыз-келіншек өз кәсіптерін бастап, мамандықтарының биік шыңында жүр. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйелдер бақытқа лайықты. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын — деді М.Әйтенов.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛАДА ИМПОРТ АЛМАСТЫРАТЫН ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

smarttop

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІ БОЙЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру