21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН: «НАУРЫЗ БАТА» ДӘСТҮРІ ДӘРІПТЕЛДІ

Түркістанда Наурыз мерекесіне орай ақсақалдардың бата беру іс-шарасы өтті.  Игі шара Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ-ның қолдауымен ұйымдастырылды. Рухани құндылығы мол жиында Түркістан қаласының құрметті ақсақалы Қуанышбай Өтепберген, Түркістан облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы орынбасары Есалы Нұржанов, Түркістан облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Султанов, Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрайымының орынбасары Гүлсара Тоққұлова ел бірлігін нығайту, ұрпақ тәрбиесі жайында салиқалы сөз қозғап, ақ баталарын берді. Шара шеңберінде «Этноауыл» аймағында этнос жастары арасында асық атудан сайыс өтті. Жарысқа белсене қатысқан мектеп оқушыларына Алғыс хаттар мен кәдесыйлар табысталды. Құндылығы мол шара «Түркістан» телеарнасы арқылы тікелей эфирде ел назарына ұсынылды.

Ұқсас ақпараттар

Балабақша — білім беру саласының іргетасы

smarttop

ХАБАРЛАНДЫРУ

smarttop

САУД АРАБИЯ: «RIYADH TRAVEL FAIR 2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру