21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

Шымкенттік тұрғынның көлігінен екі дана қаруға ұқсас зат пен оқ-дәрілер тәркіленді

Қала аумағында көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Шара барысында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде күмән тудырған «БМВ» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Автокөлікті қарау кезінде жүк салғыш бөлігінен 2 дана қаруға ұқсас зат және оқ-дәрілер тәркіленді.

Тәртіп сақшылары тез арада жедел-тергеу тобына хабар береді.  Анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін азамат Абай ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматқа қатысты құқықтық баға берілетін болады.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары қару-жараққа қатысты қандай да бір ақпарат белгілі болса, полицияның “102” арнасына хабарлауды сұрайды.

Ұқсас ақпараттар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өтті

smarttop

Полицейлер жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

smarttop

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру