34.3 C
Шымкент
Вторник, 26 августа, 2025
Smarttop.kz

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі бүгінгі кездесуді Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен өткізді. Кездесуге Наурыз, Ақжайық, Самал-2, Спорт, Отырар, Айқап-Түркістан, шағын ауданы мен «Су Ресурстары Маркетингі» аумағы, Қонаев даңғылы, Байтұрсынов, Қазыбек би, Дулати, Диваев көшелерінің 400-ге жуық тұрғыны келді.

Есепті кездесуге мәслихат хатшылары мен жауапты сала басшылары да қатысты.

Мегаполис әкімі М.Әйтенов атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, ауданның даму бағытын баяндады. Жыл басынан бері М.Әйтенов ауданды аралау барысында 22 мәселе анықталған. Бүгінде оның 9-ы шешіліп, 13 мәселе орындалу барысында.

Аталған аумақ, яғни аудандағы 1-2 сектор 5 мың гектар аумақта орналасқан. Онда 70 мың халық тұрады. 4 аурухана, 7 мектеп, 22 бала-бақша, 65 аула, 16 спорт алаңшасы бар. Электр, ауыз су, табиғи газбен, интернетпен толық қамтылған. Мұндағы тұрғындарды кәріз жүйесі, көшелерінің қиылысын кеңейту, ретсіз құрылыс секілді мәселелер толғандырады. Кездесуге келгендер осы бағытта сұрақтарын қойды.

Шаһар басшысы әрбір сұраққа жеке жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Мұндай есепті кездесу әр тоқсан сайын өтетінін және барлық мәселе ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Полиция династиясын жалғаған, әке жолын қуған ерлі-зайыпты капитандар

smarttop

АКИМ ГОРОДА ПРОВЁЛ ВЫЕЗДНУЮ ВСТРЕЧУ С ЖИТЕЛЯМИ АБАЙСКОГО И АЛЬ-ФАРАБИЙСКОГО РАЙОНОВ

smarttop

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

smarttop

Пікір қалдыру