Smarttop.kz

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 11 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында 2021 жылмен салыстырғанда «халық қатысатын бюджет» үлесі бес есеге артып отыр. Биыл жалпы 148 жобаға қаржы бөлінді.
Қала әкімі Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен есепті кездесуінде бұл бағыттағы жұмыс жоспарларынан хабардар етті.
Әл-Фараби ауданында биыл бұл бағдарлама шеңберінде 59 жоба іске асырылады.
2021 жылы 11 ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді: А.Байтұрсынов көшесі (№ 67а, 86а, 87 үйлер), «Отырар» шағынауданы (№11, 12, 13/1, 13а, 38-40, 42-42/1-43, 51) және Ә.Диваев көшесіндегі (№127) көпқабатты тұрғын үй аулалалары абаттандырылды.
6 ойын алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынды.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданда I-II сектор бойынша 11 ойын алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов (№70, 88-90, 89, 92 үйлер), «Спорт» шағынауданы (№9, 24 үйлер), Ә.Диваев (№142-142б-144, 140-144б, 146 үйлер), Дулати (№ 205) және Қазыбек би көшесіндегі (№195 а) үйлердің аулалары абаттанады.
Жалпы биыл Әл-Фараби ауданы ойын алаңшасымен толық қамтылады.

Ұқсас ақпараттар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРДЫ 2024-2025 ЖЫЛДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

smarttop

Генералдың жаңа жылдық сыйлығын табыстау балалар үйінде жалғасын тапты

smarttop

«7-20-25» БАҒЫТЫ БОЙЫНША НЕСИЕЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨТІНІМ ТҮСКЕН

smarttop

Пікір қалдыру