1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

🔷 Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 39 аулаға балалар ойын алаңшасын және ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта жыл басынан бері 24 балалар ойын алаңшасының жұмыстары тәмамдалып, ел игілігіне пайдалануға беруге дайын.

Жалпы, Әл-Фараби ауданының аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 214 контейнер алаңшасында 1037 қоқыс контейнері бар. Аудан аумағы халықтың орналасуына байланысты 7 секторға бөлінген.

Аудан аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын қоқыс алаңшаларын, басты және ішкі орамдағы көшелердегі қоқыстарды тасымалдаумен «ШымкентСпецКомплекс» және «Арнаулыавтокөлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер айналысады. Мекемелер тарапынан кестеге сәйкес, тәулігіне 1 рет, халық тығыз шоғырланған орталық аумақтарда тәулігіне 2 реттен қоқыстар тұрақты түрде тазартылуда.

Олардың жоқ болуы мен қауіпсіз болмауы дамушы елге тән емес және оның дамуына кедергі болып табылады.  Қазіргі жағдайда мемлекеттік реттеу инфрақұрылымының рөлі мен мәнін жоғарылатады. Білетініміздей экономикалық модель құрастыру кезінде
өндірістік қоғамның дамуының негізі ретінде артықшылыққа ие. Сондықтан алғашқы кезекте инфрақұрылымдық мәселелерді шешкен дұрыс.
– Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан табиғи газ 99% және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100% құрап отыр», — деді аудан әкімі.
Ауданда ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99,8%, электр жарығы 100%, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 87 %.

🔷 Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданындағы Володарский көшесі №2А тұрғын үйінің ауласына барып, тұрғындармен кездесті. Су жаңа спорт алаңшасы салынғалы тұрғындардың да көңіл-күйлері көтеріңкі. Мегаполис басшысы жергілікті халықпен жүздесу барысында спорт алаңшаларын күтіп ұстауға кеңес беріп, бұл нысан елдің ортақ игілігі екенін ұғындырып өтті. Спорт алаңшалары сапаға сәйкес заманауи үлгіде, балалардың шаттана ойын ойнауына қолайлы етіп жасалған.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Д.ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ 5 КЕЗЕҢІНДЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

smarttop

БАСПАНАҒА КЕЗЕККЕ ТҰРУ ТУРАЛЫ БІЛЕ ЖҮРІҢІЗДЕР

smarttop

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ДАМУДА

smarttop

Пікір қалдыру