Smarttop.kz

КАРЛ МАРКС ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ 7 КӨШЕ БИЫЛ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты 8 елдімекен тұрғындарымен кездесті. Есепті кездесуге 6 мыңға жуық халқы бар Карл Маркс шағын ауданының белсенді азаматтары қатысты.

Жиында аудан әкімі Б.Парманов аталған шағын ауданда атқарылатын жұмыстар жайын баяндады.

Аудан әкімінің мәліметінше, биыл Бақшалы, Құрылыс, Айшықты-2 және атауы жоқ №1,2,3,4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал алдағы жылдары тағы 8 көшеге асфальт жол салынады. Сонымен бірге 2 балалар алаңшасы салынып, жыл соңында шағын аудан сапалы интернетпен қамтылатын болады.

861 отбасы қоныстанған Карл Маркс шағын ауданы толығымен сапалы электр жарығымен, ауыз сумен және табиғи газбен қамтылған.

Ұқсас ақпараттар

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша ҚХА жұмысы туралы

smarttop

АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА БИЫЛ 7,4 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

smarttop

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІ АУМАҒЫНДА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ӨТКЕЛІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру