4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІ АУМАҒЫНДА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ӨТКЕЛІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

🔷 Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелерінде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылады. Бүгінгі күнге дейін қаладағы 87 мектептің алдында жаяу жүргіншілер өткелі жаңартылды.Егер көлік құралы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі алдында аялдаса немесе жүрісін баяулатса, көршілес жол жолағы бойымен жүруші басқа көлік құралдарының жүргізушілері аялдаған немесе жүрісін баяулатқан көлік құралының алдында жаяу жүргіншінің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүрісін жалғастыра алады.Жүргізуші аялдамада тұрған маршруттық көлік құралына немесе одан (есік жағынан) келе жатқан жаяу жүргіншіге, егер көлікке отырғызу немесе түсіру жолдың жүру бөлігінде немесе онда орналасқан отырғызу алаңында жүзеге асырылатын болса, жаяу жүргіншілерге жол береді. Жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі мақсатында түнгі уақытта атқарылады. Шымкент қаласында бүгінде 270 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 120 шақырымы акрильді бояумен сызылды. Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысымен 450 шақырым жол таңбалары сызылған болатын. 🔷 Жол таңбалары сызылған көшелер тізімі: Пластика: 1. Бөгет көшесі 2. И.Тайманұлы көшесі 3. Шымсити ш/а 5 көше 4. Володарского көшесі 5. Ерманов көшесі 6. Сайрам көшесі 7. Мәделі қожа көшесі 8. А.Асқаров көшесі 9. Н.Малқаров көшесі 10. Рашидов көшесі 11. Н.Төреқұлов көшесі 12. М.Мәметова көшесі 13. Тәуке хан көшесі 14. Ж.Шаяхметов көшесі 15. Түркістан көшесі 16. Ж.Тәшенов көшесі 🔷 Акрильді бояумен: 1. Бақбаев көшесі 2. Қ.Төлеметов көшесі 3. Жібек жолы көшесі 4. Ынтымақ ш/а (Барыс базар маңы) 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢА БАСТАУЛАРДЫҢ БІРІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

smarttop

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДА:

smarttop

Пікір қалдыру