Smarttop.kz

Түркістан облысында туристік полицияға қызметке қабылдау жүргізілуде

Түркістан облысында туристік полиция қызметі құрылып, жұмыс жасап жатқанына 3 жылдың жүзі болды. Туристік полицейлер Қ.А.Яссауи кесенесі мен Арыстан бапқа алыс-жақын шетелден, еліміздің түкпір-түкпірінен ниет етіп келушілерге қызмет етуде. Осы орайда Отырар өңіріндегі Арыстан баб кесенесіндегі туристік полицейлер қатары артпақ. Яғни, Отырар аудандық полиция бөліміне қарасты туристік полиция қызметіне жастарды жұмысқа шақырамыз!

Егер де, сіз, ағылшын, түрік, т.б шет тілін білсеңіз, жасыңыз 20-35 жас аралығында болса, бойыңыз ұл балалар үшін 170 см, қыз балалар үшін 160 см-ден кем емес, жоғары білімді заңгер болсаңыз, Отырар ауданының туристік полициясына қызметке орналасуға мүмкіндігіңіз бар. Киелі мекенге келуші қонақтардың жағдайын жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болсаңыз, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Байланыс телефон нөмірі: 8725 44 2-19-34, 8-777-603-70-77

Ұқсас ақпараттар

ХАЛЫҚПЕН ЕТЕНЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ӘКІМГЕ СЕНІМ АРТУ – ОРЫНДЫ ШЕШІМ

smarttop

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

«Қазақстан Полициясының 30 жылдығы» мерекесіне орай 1000-ға тарта түрлі сала қызметкерлері мен полицейлер марапатталды

smarttop

Пікір қалдыру