Smarttop.kz

ТҮРКІСТАНДА АҚТӨБЕЛІК АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «FАRАВ» кітапхасында «Ақтөбе әдебиет ордасы» атты ақтөбелік ақын-жазушылармен кездесу кеші өтті.
Рухани кездесуге Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Светқали Нұржан, Қазақстан Жазушылар Одағы Ақтөбе облысы филиалының төрағасы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Е.Ашықбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Үш таған» журналының бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері О.Байсеңгір, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер Одағы Ақтөбе облысы филиалының төрағасы Р.Отыншин, көсемсөз шебері, аудармашы және мәдениеттанушы М.Ақдәулетұлы, тарихшы, өлкетанушы Б.Мырзабай, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, ақын Б.Қалмағанбетов, жас ақын Д.Тілеухандар және жергілік зиялы қауым өкілдері қатысты. Ақтөбелік қонақтар өз туындыларын оқып, әдебиетсүйер қауыммен сұқбат құрды. Кеш соңында қаламгерлер кітапханаға өздерінің жаңа жинақтарын тарту етті.
Сондай-ақ, FАRАВ» кітапхасында «Алтын аймақ — Ақтөбе» және «Ақтөбе облысының архитектуралық ескерткіштері» атты фотокөрмелер өтті.
Сонымен қатар, кітапханада оңтайлы сандық планетарийді көруге келген балалар аспан әлеміне саяхат жасап, «Алақай» облыстық қуыршақ театрының «Жадыра, жайна достар» қойылымын тамашалады.

Ұқсас ақпараттар

«НҰРЛЫ КӨШ» ПИЛОТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ БАСПАНАЛАРДЫ БАНК АРҚЫЛЫ НЕСИЕЛІК НЕГІЗДЕ РӘСІМДЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ЖАСТАР ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕГЕН СОҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТЕГІН БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІГІ БАР

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру