Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері 24 жылдан бері төлқұжатсыз жүрген әйелді құжаттандырды

Созақ АПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне орта жастағы азаматша жеке басын құжаттандыруға өтініш білдірген. Ол 1998 жылы отбасылық жағдайына байланысты Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына көшіп келген. Содан бері 24 жыл бойына құжатсыз жүрген. Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері бірден тіркеп, шұғыл түрде Шахноза Мадаминованың құжаттарын рәсімдеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары әйелдің жеке басын анықтайтын төлқұжатын заңға сәйкес жасап берді. Өз кезегінде қаншама жыл күткен құжатын алған тұрғын, көші-қон қызметі полицейлеріне ыстық ықыласын білдірді.

«Мен осы құжаттарымды алу үшін өтініш білдірген едім. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет. Аз уақыттың ішінде бітіріп берді. Жұмыстарың алға баса берсін»- деді.

Құрметті облысымыздың тұрғындары! Полиция департаментінің осы бағыттағы жұмыстары өз жалғасын әрі қарай таба бермек. Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, сіздер, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады!

Ұқсас ақпараттар

ИГІЛІК ТҰРҒЫНАЛАБЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

«GRAMAD» САУДА ДҮКЕНДЕРІНІҢ САНЫ КӨБЕЙЕДІ

smarttop

БҮГІНГІ ТАҢДА ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНДЕ 429 БАЛА ДЕМАЛЫП ҚАЙТТЫ

smarttop

Пікір қалдыру