0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында мүгедектікке шығарып беремін деп тұрғынды алдаған күдікті әйел ұсталды

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол жақын таныс емес әйелге сеніп, оның арбауына түсіп қалған. Яғни денсаулығына байланысты мүгедектікпен зейнетке шығарып беремін деген алаяқ, 500 мың теңге ақшасын алған. Содан ақшаны иемденген алаяқ, ізін суытқан. Аталған жайтты полция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау үшін төлебилік полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшыларының іздестіру жұмыстары оң нәтиже беріп, күдікті жергілікті мекенжайынан ұсталып, АПБ-ға жеткізілді.

Анықталғандай, күдікті яғни жас келіншек бұған дейін де алаяқтық жасап тұрғындардың ақшасын алып, өз қажетіне жұмсап отырған. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және күмәнді қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ алаяқтан зардап шексеңіз, бірден полицияның 102 телефонына хабарласыңыз деп ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ ДӘРІГЕРЛЕР 106 ТҰРҒЫНҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

smarttop

8 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

ІШКІ ОРАМ КӨШЕЛЕРІ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру