Smarttop.kz

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ӨСІМ БАР

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

Басқарма басшысының орынбасары Б.Азимбердиев
қаладағы кәсіпорындармен осы жылдың 3 айында 211,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі, ал өңдеу өнеркәсібінде 176 млрд теңгенің өнімі өндірілгенін мәлім етті. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптің өсу қарқыны 119 пайызды, өңдеу өнеркәсібінде 121,2 пайызды құрады.

Шымкент қаласының өнеркәсібінде 731 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның ішінде ірі – 26 кәсіпорын болса, 42-і орта кәсіпорын.

Сонымен қатар ол бірінші тоқсанда негізгі капиталға 75,2 млрд. теңгенің, ал өткен жылдың үш айында 38,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылып, өсу қарқыны 194 пайызды құрады. Жалпы жыл соңына дейін барлық сала бойынша қалаға 538 млрд теңгенің инвестициясын тарту жоспары бар.

Есепті жиын соңында қала басшысы экономикалық индикаторлардың орындалуымен шектелуге болмайтынын және инвесторларға барынша жағдай жасау керектігін айтып, сала жетекшісіне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛАНДЫҚТАР ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ МЕН ЖЕҢІС КҮНІН АТАП ӨТТІ

smarttop

ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: АГРОКЛАСТЕРЛІК ЖОБАЛАР 200-ДЕН АСА АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИДЫ

smarttop

Пікір қалдыру