1.3 C
Шымкент
Четверг, 22 января, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Қаламызда 13 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы қарқынды жүргізілуде. 2024 жылы бұл нысандардың 11-і пайдалануға берілмек. Қаланың әр ауданында жаңа инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, тұрғындардың өмір сүру сапасы арта түсуде.
Қала бойынша инфрақұрылымдық жобалар:
• Бозарық ш/а: 8 нысан;
• Тұран ш/а: 3 нысан;
• Әкімшілік іскерлік орталығы: 1 нысан;
• Ақжайық ш/а: 1 нысан.
2024 жылы келісім шарт талаптарын орындамаған мердігерлер мен техникалық бақылаушыларға 5,5 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, «Корпорация Сити-строй» ЖШС мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылды. Бұл қала инфрақұрылымының сапалы әрі уақытылы дамуына ықпал ететін маңызды шаралар.
2025 жылға өтпелі 1 нысан мен тағы 2 нысанның жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Бұл қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша ұзақ мерзімді және тұрақты жоспарлар бар екенін көрсетеді.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒЫ 25 МАМЫРДАҒЫ № 333-VІ ЗАҢЫН (БҰДАН ӘРІ — ЗАҢ) ТҮСІНДІРУ

smarttop

СТАЛ ИЗВЕСТЕН ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР 5-Х ВСЕМИРНЫХ ИГР КОЧЕВНИКОВ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТАЛАЙ ЖЫЛДАН БЕРІ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН БАЛАБАҚШАЛАР ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ЖАБДЫҚТАЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру