9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Орта жастағы әйел полицейге қаруын тапсырды

Сәуір айының 25-інен бастап облысымызда халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды. Акция аясында Кентау қаласының тұрғыны С.Қапанова полиция бөліміне атасынан мұра болып қалған «ТОЗ» маркалы, 2 ұңғылы, 16 калибрі тегіс ұңғылы аңшы қаруын өз еркімен өткізді. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан сыйақы алатын болады. Жалпы акция аясында өткізілетін қаруларға сараптама тағайындалып, соның қорытындысы бойынша сыйақы тағайындалады. Сондықтан жергілікті тұрғындар қолдарыңызда еш жерде тіркелмеген қару түрі болса, өткізіп сыйақы алсаңыз болады. Және бұндай жағдайда ешқандай әкімшілік қылмыстық жауапкершілікке тартылмайсыз.

Айта кетсек, аталған шараның мақсаты – халықтан заңсыз сақталудағы қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу. Яғни облыс тұрғындарында бар қаруларды ақшалай сыйақыға өткізуге мүмкіндік бар. Осыған байланысты мемлекет тарапынан облысқа тиісті қаржы бөлінеді. Тәртіп сақшылары тарапынан бұндай шаралар әлі де жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНДЕ ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

smarttop

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ №5 ЕМХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ КЕТКЕН КЕМШІЛІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІ ҚАТАҢ ЕСКЕРТТІ

smarttop

Пікір қалдыру