Smarttop.kz

Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Түркістан облысының «Түркістан-Шымкент» бағытына қойылған Көкарал, Спатаев маңындағы бейнебақылау камералары бүгіннен бастап іске қосылды.

Ескерте кетсек, облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының жартысынан астамы жылдамдықты шектен тыс асыру салдарынан орын алған. Осы олқылықтың, жолда болатын апатты жағдайлардың алдын алу, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда жылдамдықты асыру жайттарын автоматты түрде анықтайтын «Сергек» зияткерлік жүйелері орнатылуда.

Бұл жайлы Түркістан облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков: «Аталған бейнебақылау камералары жылдамдықты шектен тыс асырған көлікті дер кезінде анықтайды. Барлық «Сергек» жүйелерінің алдында ескерту белгілері орнатылған. Сондықтан жолда мұқият болып, жолда жүру ережесін сақтаңыздар, құрметті жүргізушілер!»-деп атап өтті.

Барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар деп ескертеміз!

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ БОЗАРЫҚТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАТАҚХАНАЛАРҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫ БЕРІЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

smarttop

Пікір қалдыру