Smarttop.kz

Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Түркістан облысының «Түркістан-Шымкент» бағытына қойылған Көкарал, Спатаев маңындағы бейнебақылау камералары бүгіннен бастап іске қосылды.

Ескерте кетсек, облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының жартысынан астамы жылдамдықты шектен тыс асыру салдарынан орын алған. Осы олқылықтың, жолда болатын апатты жағдайлардың алдын алу, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда жылдамдықты асыру жайттарын автоматты түрде анықтайтын «Сергек» зияткерлік жүйелері орнатылуда.

Бұл жайлы Түркістан облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков: «Аталған бейнебақылау камералары жылдамдықты шектен тыс асырған көлікті дер кезінде анықтайды. Барлық «Сергек» жүйелерінің алдында ескерту белгілері орнатылған. Сондықтан жолда мұқият болып, жолда жүру ережесін сақтаңыздар, құрметті жүргізушілер!»-деп атап өтті.

Барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар деп ескертеміз!

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН 45-ТЕН АСТАМ КӘСІПОРЫН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

smarttop

ПОЛЬШАЛЫҚ КӘСІПКЕР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮРКЕТАУЫҚ ФАБРИКАСЫН АШУҒА НИЕТТІ

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

smarttop

Пікір қалдыру