Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері күшейтілген режимге көшті

Мерекеге толы мамыр айында Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті. Яғни 1 мамыр «Қазақстан халқының бірлігі күні», 7 мамыр «Отан қорғаушы күні» мен 9 мамыр «Жеңіс күні» халық демалып жатқанда, полицейлер қызметте болады. Тәртіп сақшылары тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін — тәулік бойына жұмыс орындарында болуда. Күнделікті ауысыммен бекітілген қызметкерлер кезекшілікке түсіп, қылмыс не құқықбұзушылық орын алса, тікелей әрекет етіп, жауап беруде. Ал бұл жағдай мереке күндері тіпті күшейе түседі. Тұрғындар тойлап жатқанда, полицейлер күшейтілген режимге көшіп, барынша заң бұзушылықты болдырмауға күш салады. Кезекшілікке бекітіліп, жауапкершілік алған соң, келесі полицей келгенше кірпік ілмейді. Сондықтан біздің саулығымызды күзетіп жүрген тәртіп сақшыларының еңбегін елеп, әрбіріміз өз әрекетімізге жауапкершілікпен қарайық. Заңның баршаға ортақ екенін сезініп, құқықбұзушылқ пен қылмыс жасамайық. Ал егерде күмәнді жәйттің не болмаса қылмыстың куәсі, құрбаны болсаңыз, міндетті түрде 102 телефонына хабарласыңыз!

Ұқсас ақпараттар

АБАЙ АУДАНЫ: АЯҚЖОЛДАР МЕН АЯЛДАМАЛАР ҚАРДАН ТАЗАЛАНЫП ЖАТЫР

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ЖОЛ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖДЕРГЕ 15 МЫҢНАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНДІ

smarttop

Пікір қалдыру